9 сәуірде ауа райы қандай болады?

Сағыныш Сардарова 09 сәу. 2026 07:00

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

9 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Одан бөлек, қатты жаңбыр жауатыны да айтылды.

Түнде солтүстік-батыста, солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауып, көктайғақ болады.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі, таңғы уақыттарда тұман түседі.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы былай төмендейді: түнде 0-8 градустан 0-5 градус аязға дейін, күндіз 10-23 градустан 7-15 градусқа дейін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove