80 жастағы кейуананы зорлап өлтірген: қылмыскер 9 жылдан соң ұсталды

Dalanews 09 қар. 2025 19:29

Астана қаласында осыдан тоғыз жыл бұрын, яғни 2016 жылы жасалған аса ауыр қылмыс ашылып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Астанада 2016 жылы өз үйінде 80 жастағы әжей қаскөйдің қолыннан қаза тапқан. Қылмыскер үйге кіріп, зейнеткерді зорлап, қылмыстың ізін жасырғысы келіп, оны ұрып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға орнында криминалистер елеусіз байқалатын биологиялық іздерді алып, зертханалық талдау жүргізген. Алынған материалдардан ДНҚ-кодты бөліп алды.

Тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмаған, ал қандықол жасырынып жүрген еді. Күні бүгінге дейін қолға түспей келген.

«ІІМ молекулалық-генетикалық зертханасы мен ДНҚ базасының жаңа технологиялары арқасында сәйкестік анықталды. Осылайша, 65 жастағы күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам ұсталып, изоляторға қамалды. Ол өз қылмысын мойындады», - деп атап өтті ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің мамандары.
Қазіргі заманғы криминалистік әдістер ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаннан біраз уақыт өткеннен кейін де оларды ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл жағдай жазадан ешкім құтыла алмайтынын дәлелдейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар