Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Мемлекеттік материалдық резервтері комитеті (ММРК) филиалдарының лауазымды тұлғаларына және азық-түлік жеткізушілерге қатысты сеніп тапсырылған мүлікті, әсіресе, 6,5 млрд.теңге көлемінде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады ( 22 адам).
1 ақпанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен 21 адам бас бостандығынан айыру және бір адам бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесілді.
ММРК-нің экс-төрағасы Иманалиев Президентке мемлекеттік наградалары - "Құрмет" орденінен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" меларынан айыру туралы ұсыныспен қатар, 8 жылға бас бостандығынан айыру (үйқамақ түріндегі шара үкім заңды күшіне енгенге дейін сақталды, үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол қамауға алынады);
ММРК-нің Мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы Макашев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
"Резерв" - "Высота" РМК филиалының директоры Жақанов пен бөлім бастығы Родин, сонымен қатар "Резерв" - "Сигнал" РМК филиалының директоры Галиев 8 жылға сотталды;
Бұл шенеуніктер мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
"Резерв" - "Высота" РМК филиалы директорының орынбасары Құсайыновқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды;
Азық-түлік жеткізушілер - Адамов, Дроздецкая, Тартуманов, Рашитов, Сабазов А., Сабазов О., Абдукаримов, Бакаев, Габдуллин, Садай, Исаев, Қожанов Б., Қожанов Д., Қанатхан, Мұстафинов, Оспанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.