- Өткен тәулікте облыста коронавирустың 18 жаңа жағдайы тіркелді, олардың 9-ы Семейде анықталды. Оның 8 ересек, біреуі 4 жасар бала. Олардың ішінде 2 полиция қызметкері, 2 медбике, 3 жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, біреуі жұмыссыз.
Аталған 9 жағдай бойынша 16 инфекция ошағы белгіленіп, қарым-қатынаста болған 100-ге жуық тұрғындар анықталды. Талдау нәтижиесіне сәйкес, жұқтырғандардың көпшілігі - әлеуметтік деңгейі жоғары және белсенді азаматтар, - деді Найля Әлменева.
Вирусты жұқтырғандардың жартысы қоғамдық көлікті тұрақты пайдаланып, жиі сауда базарлары мен супермаркеттерге барып жүрген.
Қалалық жедел штабтың мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Семей қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 164 жағдайы тіркелген. Блок-бекеттер алынғаннан бастап жұқтырғандардың саны күн сайын орта есеппен 8 жағдайға артып келеді.
Тіркелген 100 ошақта бір жарым мың коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар бақылауға алынды. Қосымша симптомсыз ретінде 105 жұқтырған адам тіркелген.
Қазіргі уақытта алты адам ауыр халде және екеуі реанимация палатасында жатыр.
Өкінішке орай, короновируспен қатар қосалқы ауруы анықталған 4 адам қайтыс болды.
- Құрметті жерлестер, әлемдік ғылым бұл вирусқа қарсы вакцинаны әлі таппады. Әзірге тиімді қорғаныс, бұл қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау. Әлеуметтік қашықтық, жеке гигиена, және бетперде кию секілді қарапайым шаралар аурудың алдын алуға септігін тигізеді.
Жедел штаб тарапынан індетті алдын алу үшін тиісті жұмыстар жүргізгенімен жеке бас қауіпсіздігі әрқайсымыздың жауапкершілігі екендігін ұмытпағанымыз жөн. Қаламызда короновирустың таралуын тоқтату мақсатында, барлық семейліктерді бекітілген ережелерді сақтауға шақырамын! – деді Найля Әлменева.
ШҚО ақпарат орталығы