5 маусымда ауа райы қандай болады?

5 маусымда ауа райы қандай болады?
ЖИ: Dalanews.kz

5 маусымlf Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: елдің бір бөлігінде аптап ыстық сақталса, кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі., деп хабарлайды dalanews.kz.

Синоптиктер болжамынша:

• Солтүстік, батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді.

• Шығыс және солтүстік-шығыста ыстық сақталады — күндіз ауа температурасы +30…+37°C дейін көтеріледі.

• Оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап сәл басылып, +25…+33°C шамасында болады.

• Алматыда 5 маусымда күн бұлтты болып, түстен кейін жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз шамамен +25…+26°C, түнде +20°C болады.