Freedom Inside '26

40 градусқа дейін ыстық: 11 маусымда ауа райы қандай болады?

40 градусқа дейін ыстық: 11 маусымда ауа райы қандай болады?
gov.kz

Синоптиктер 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Батыс циклоны Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді. Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ та жаууы мүмкін.

11-13 маусым аралығында Қостанай, Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады. Ал 11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы жерлерінде нөсер жауын болжанып отыр.

Еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстік-шығыс өңірлерде +30...+37 градусқа дейін жетеді.