ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Алматы қаласында телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңырау шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.
"Қылмыстық топ басқа заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиян бағдарламаларды қолданған. Осы схема бойынша 4 миллионнан аса қоңырау шалынып, байланыс операторларына келген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асқан", - деді ҰҚК өкілдері.
Тінту барысында техникалық құралдар, іске қатысты өзге де заттай дәлелдер табылған.
