25 жасар наубайханашы тұтас ауылды нанмен қамтып отыр

Dalanews 09 там. 2022 16:06 1620

«Еңбектің наны тәтті». Расында екі қолға бір күрек аламын дегенге айырар нәсіпте, ермек қылар кәсіптің түріде көп. Тек, ынтасы болса болғаны. Қазіргі таңда жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекет тарапсынан 400 АЕК, яғни 1 225 200 теңге сомасында тегін мемлекеттік қайтарымсыз грант берілуде. Бүгінде аталған игілікті істің шарапатын көріп отырғандар жетерлік. 

Жетісу облысына қарасты Ақсу ауданында ағымдағы жылдың сәуір айында 10 адамның бизнес жоспары мемлекеттен қолдау тапқан. Нәтижесінде уәделі гарнтқа ие болды. Көздерінде жалын оты ойнаған, қолдарынан іс келер 3 бірдей жас әлгінде айтқан қайтарымсыз гарнт арқылы өз істерін бастаған.

Бірі Жансүгіров ауылында жылқы баптаймын десе, екіншісі – Қызылағашта құрылысқа қажетті материалдарды өндіріп шығармаққа ниет еткен. Үшіншісі – Сағакүрес ауылында ас атасы – нан шығаурмен айналысуға бел буған. Біздің бүгінгі кейіпкер – 25 жасар наубайханашы.

Ақсу ауданының тумасы Айдос Жұманов жасына қарамастан өңірдегі жалғыз наубайхананың тасын өрге домалатып отырған азамат.

Өткен жылы мамыр айында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері оқуын бітіріп, сертификатын алды. Заң аясында екі апталық курстан өткен жас жігіт, 2022 жылы сәуір айында 1 225 200 теңге көлемінде грант алды.


Қолға тиген қаражаттың көлеміне қарай, облыс орталығынан наубайхана цехына керек заттарын алып, өз ісін ашты.

Сауданың тегін, кәсіптің ебін білген Айдос Жанарысұлы өзі тұратын Сағакүрес ауылында нан өнімдерін шығарып ауыл тұрғындарын ас атасымен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіптен нәсібін тапқан жан отбасында асырап жүрген жайы бар.

– Өткен жылы грант алу үшін екі апта онлайн оқуын оқыдым.  Бұйыртып грантқа қол жеткіздім. Берілген ақшадан шашау шығармай, пештермен нан илейтін құрылғыны алдым. Бұл – наубайхана ауылымызда жалғыз. Бүгінде ауылдағы 7 дүкеннің 5-еуіне тұрақты түрде нан өнімдерін өткіземін, – дейді жас кәсіпкер.

Айдос тәулігіне 200-300 дана нан өнімін дүкен сөрелеріне жөнелтеді. Өзінің айтуынша, келіп түсер тапсырыс саны әр күні әр қалай. Дегенмен дәл осы сәтте айы оңынан туып-ақ тұр. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген Айдос тек кәсібін ашып қоймай екі адамды жұмсыпен қамтып отыр. Алдағы уақытта цехты кеңейтіп, бұл ісін отбасылық кәсіпке айналдырмақшы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар