21 шілдеде бірнеше өңірде дауыл, аптап ыстық пен өрт қаупіне байланысты ескерту жарияланды

21 шілдеде бірнеше өңірде дауыл, аптап ыстық пен өрт қаупіне байланысты ескерту жарияланды
pixabay.com

21 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, аптап ыстық және жоғары өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 метрге дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, бұршақ және қатты жел болжанады. Желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 метрге дейін күшейеді. 

Павлодар облысының жекелеген аудандарында найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды және Ұлытау облыстарында күндіз қатты ыстық сақталады. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай, жаңбыр және желдің күшеюі күтіледі. Кей аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. 

Алматы және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында қатты ыстық сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы 40 градустан асады. Барлық өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланған. 

Астанада 21 шілдеде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.