2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті алғашқы рет рәсімдегенде және қолдану мерзімі аяқталған соң ауыстырғанда тегін алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері:
- 1,9 миллион жеке куәлік;
- 1,1 миллион Қазақстан азаматының паспорты;
- 303 мың балалар паспорты берілген.
«Алғаш рет берілетін жеке куәліктер тегін болады. Сондай-ақ жеке куәліктің қолдану мерзімі аяқталған соң ауыстырылған жағдайда да олар мемлекеттік баж төленбей дайындалады», дейді Комитет төрағасы Аслан Аталықов.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты паспорт, жүргізуші куәлігі және өзге де құжаттарды рәсімдеу құны қымбаттайды. АЕК мөлшері 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін өседі.
