Applied Economics Research Centre-дің (AERC) 2024-2025 жылдарды қамтитын Қазақстанға қатысты жүргізген макроэкономикалық болжамы жарияланды. Оған сәйкес, келесі жылы АҚШ доллары қымбаттап, инфляция күшейе түспек, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Валюта бағамына қатысты болжам
Сарапшылардың бағалауынша, соңғы үш айда АҚШ долларына шаққандағы ұлттық валюта бағамы төмендеп, әлсірей түсуде. Бұған бірнеше факторлар әсер еткен, атап айтқанда, демалыс маусымы, Ұлттық банк тарапынан БЖЗҚ портфеліндегі жинақты шетел валютасымен қолдау мақсатында доллар сатып алу көлемін арттыруы және мұнай бағасының төмендеуі.
"Бұл өзгерістер теңгенің әлсіреуіне айтарлықтай ықпал етті. 2025 жылы USD/KZT орташа бағамы 480,8 деңгейінде болады, яғни ұлттық валюта 2024 жылмен салыстырғанда тағы әлсірей түседі деп күтіледі. Бұған негізгі себеп – трансферт көлемінің шектелуі және мұнай бағасының төмендеуі", делінген AERC есебінде.
Инфляция
AERC 2024 жылы Қазақстандағы тұтынушылық инфляция деңгейі орта есеппен 8,1%-ды қамтиды деп бағалайды. Шілде айындағы өз болжамында AERC инфляция 8,4% болады деген, бірақ бүгіндері бұл болжам төмендеп отыр.
"Бұған Ресейде күтілетін инфляция деңгейінің төмендеуі және FAO индексінің өсу қарқынының баяулауы түрткі болмақ. 2025 жылға қарай, осы факторлар негізінде, Қазақстанда инфляция 6,7% деңгейінде қалыптасады деп күтіледі", - дейді сарапшылар.
Нақты және номиналды табыст
AERC 2024 жылы Қазақстан халқының номиналды ақшалай табысы 16%-ға өседі, ал нақты табыстары 4,7%-ға артады деп болжайды.
"2025 жылы қазақстандықтардың номиналды табысының өсімі 14,1% деңгейінде болады деп күтіледі. Инфляцияның баяулауы, халықтың нақты табысының өсімі есебінен инфляция көрсеткіші 2025 жылы 5,4% деңгейіне жетеді" деп болжайды шолу авторлары.
Сұраныстың жиынық моделі базасындағы ЖІӨ өсімі
2024 жылы үй шаруашылығындағылардың тұтыныс шығындары 5,9%-ға өседі деп күтіледі. 2025 жылы бұл көрсеткіш 5,3% болады деп болжанады. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2024 жылы 4,6%-ға, ал 2025 жылы 5,7%-ды құрамақ.
Нақты экспорттың өсу қарқыны 2024 жылы орта есеппен 3,2% , ал 2025 жылы 4,1% деңгейін қамтиды де күтіледі. Нақты импорт 2024 жылы 3,7%-ға өседі, ал 2025 жылы ол 5,6% құрайды, - дейді сарапшылар. Жоғарыда аталған көрсеткіштердің динамикасын ескере отырып, Қазақстанның нақты ЖІӨ 2024 жылы 4,6% өсімді көрсетеді деп болжанады. ЖІӨ-нің нақты өсім қарқыны 2025 жылы 4% құрайды.
Ұсыныстың жиынтық моделі базасындағы ЖІӨ өсімі
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы секторлары 11,4% өсімді көрсетті. Алайда, негізгі капиталға жасалған инвестиция көлемінің төмендеуі 2025 жылы бұл салаларда 1,5% ғана өсім болатынын аңғартады. Тау-кен өндірісінің өсімі 2024 жылы 2,2% құрайды, 2025 жылы мұнай өндірісінің артуына байланысты бұл өсім 5,2%-деңгейін қамтиды деп күтіледі.
AERC болжамынша, 2024 жылы қайта өңдеуші салалардағы өсім - орта есеппен 4,8%, 2025 жылы - 4,2%.
Сарапшылар 2024 жылы құрылыс секторы 8,5% өсімді көрсетеді деп күтеді. Алайда, AERC 2025 жылы инвестициялардың құлдырауы аясында саланың өсу қарқыны біртіндеп төмендейтінін болжайды. Сондықтан 2025 жылы құрылыс секторының өсімі 5,6% деңгейінде болады деп болжанады. Экономикалық шолу авторлары көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу секторында 2024 жылы өсім 8,1% , ал 2025 жылы 7,4% құрайды деп болжайды. 2024 жылғы көлік өндірісі және қойма секторындағы өсім - 6,9% , ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 8,8% - ға дейін өседі деп күтіледі. Аталған секторлардағы өсім болжамын ескере отырып, Қазақстандағы ЖІӨ-нің нақты өсу қарқыны 2024 жылы 4,5%-ды құрайды. 2025 жылы жиынтық ұсыныс моделі бойынша нақты ЖІӨ-нің өсу қарқыны 4% деңгейінде болады деп күтіледі.
Осы жағынан алғанда, екі есептеу моделі қорытындыларын дөңгелектеп есептесек, 2024 жылғы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,6%, ал 2025 жылы 4% құрайды деген болжам шығады.
Бюджет тапшылығы
2024 жылы Қазақстанда мемлекеттік бюджет тапшылығы 5,31 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 4,1%-на тең болады деп болжанады. 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,62 трлн теңгеге (ЖІӨ-нің 4,7%-ына) жетеді. 2024 жылы мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 17,8 трлн теңге деңгейінде болады деп болжанады, ал 2025 жылы салық түсімдері деңгейі 18,2 трлн теңгеге дейін өседі деп күтіледі.
"2024 жылға арналған мемлекеттік бюджет шығындары 28,94 трлн теңгеге дейін төмендетілді (шілдеде 29,67 трлн теңге деп болжанған). Бұл жеке бағдарламаларға жұмсалатын шығындарды неғұрлым консервативті бағалауға, сондай-ақ бюджеттің кейбір баптарына үнем шараларының енгізілуіне байланысты", деп қорытындылайды шолуды AERC сарапшылары.