2025 жылдан бастап қызметкерлер арнайы порталда бастықтары туралы жағымсыз пікір қалдыра алады

Қаракөз Амантай 29 қар. 2024 12:44 688

2025 жылдан бастап HR Enbek порталына тіркелген қолданушылар бұрынғы басшылары немесе қызметкерлері туралы пікір қалдыра алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жұмыстан кеткендер ғана емес, әлі сол жерде жұмыс істеп жүргендер де пікір жазуға мүмкіндік алады. Сол сияқты, жұмыс берушілер де қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері туралы өз ойларын қалдыра алады.

"Қолданушылар бес жұлдыз шкаласы бойынша баға бере алады немесе мәтін түрінде пікір жаза алады. Ол үшін порталға электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіру қажет. Сайтта екі бөлім қарастырылған: "Менің пікірлерім" және "Мен туралы пікірлер". Ескерте кетейік, қызметкер мен жұмыс беруші бір-бірі туралы тек бір пікір қалдыра алады", – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл пікірлер Enbek.kz электронды еңбек биржасының порталында 2025 жылдан бастап жарияланады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар