2024 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктер өз акционерлері үшін шамамен 2,6 трлн теңге табыс әкелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 19%-ға және 2022 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп, деп жазады Dalanews.kz.
2024 жылы қазақстандық төрт банктің акционерлері құрамында ауыс-түйіс болды, деп мәлімет келтіреді Forbes Kazakhstan.
- "Бәйтерек" холдингі 65 млрд теңгеге өзінің еншілесі - Bereke Bankтің ("Сбербанк Казахстан") 100% акциясын қатарлық Lesha Bank-ке (капиталы 160 млрд теңге) сатты;
- БАӘ-нің A️Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) тобы "Al Hilal" Ислам банкінің тікелей қожайыны атанды. Ол бұрын 2019 жылдың мамырында ADCB құрамына енген Al Hilal Bank PJSC еншілесі еді.
- Халықаралық PPF корпорациясы PPF топ-менеджерлерінің бірі Павел Горактан акциялар пакетін ішінара сатып ала отырып, өзінің қазақстандық ешілесі Home CREDIT Bank капиталындағы үлесін 7,5%-дан 9,9%-ға дейін ұлғайтты;
- Болат Өтемұратов ForteBank-тегі үлесін 80,11%-дан 89,01%-ға дейін арттырды. Ол өзінің ұлы Алидардан 7,34% және Centras Group холдингінің иесі Ельдар Әбдіразақовтан 1,5% акция сатып алды.
2025 жылдың басындағы мәлімет бойынша, Қазақстанның банк секторы 21 ЕДБ-дан тұрады, оның 12-сінде тоғыз еншілес банкті қоса алғанда, шетелдіктердің қатысы бар.
Бұған дейін халықтың төлей алмай жүрген Kaspi Bank алдындағы несиелер көлемі 291,6 млрд теңгеге жеткенін жазғанбыз.