2024 жылы Жер шарындағы елдер қарызының жаһандық көлемі 100 трлн доллардан асады - ХВҚ

Кәмшат Тілеухан 16 қаз. 2024 10:22 1093

2024 жылғы Жер шарындағы елдер қарызының жаһандық көлемі 100 трлн доллардан (әлемдік ЖІӨ-нің 93%) асуы мүмкін, деп мәлімдейді Халықаралық валюта қоры (ХВҚ). Бұл турады қордың Fiscal Monitor баяндамасында айтылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол орта мерзімді перспективада өсімін жалғастырып, 2030 жылға қарай ЖІӨ-нің 100%-на дейін көтерілуі мүмкін.

Мұндай жағдайда ең қолайсыз сценарий бойынша әлемдік қарыз кешенді болжамда көрсетілген көрсеткіштен 20 пайыз пунктке бір-ақ көтеріліп, 2026 жылы ЖІӨ-нің 115% - на жетуі мүмкін.

"Қарызды тұрақтандыру (немесе қысқарту) қазіргі уақытта жоспарланғаннан да әлдеқайда маңызды фискалдық түзетулерді қажет етеді. Қазір фискалдық буферлерді қалпына келтіру үшін оңтайлы кезең әрі оны кейінге қалдыру қымбатқа түседі", делінген баяндамада.

ХВҚ АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Италия және Оңтүстік Африка сияқты елдердің мемлекеттік қарызы өсе береді деп санайды.

"Қарыз елдердің шамамен үштен екісінде тұрақтанады немесе қысқарады деп болжанғанымен, ол пандемияға дейін болжанған деңгейден айтарлықтай жоғары болып қалады", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тұрақтану күтілмейтін елдерге әлемдік қарыздың жартысынан көбі жатады, олар әлемдік ЖІӨ-нің шамамен үштен екісін құрайды.

"Жасыл энергетикаға" көшу,  халықтың қартаюы және қауіпсіздік мәселелерін шешуге арналған мемлекеттік шығындар алдағы жылдары фискалдық қысымды күшейтуі мүмкін", - дейді қор сарапшылары.

ХВҚ директорының фискалдық мәселелер жөніндегі орынбасары Эра Дабла-Норрис Үкіметтерге тәртіпті қалпына келтіретін уақыт келді деп санайды.

"Барлық мемлекетке қарыз тәуекелдерін азайту үшін стратегиялық бетбұрыс қажет", - дейді ол.

Айта кетсек, Ұлттық банктің 2024 жылғы 1 шілдедегі мәліметінше, Қазақстан Республикасының сыртқы борышының көлемі 2024 жылдың басынан бастап жылда 3,0 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 166,7 млрд долларды құрады.

Экономикалық саясат институты 2025-2026 жылдарда үш дағдарыстың нышаны білінетінін ескертеді. Соның бірі – сыртқы борыш бойынша. 2025-2026 жылдарда жеке компаниялардың халықаралық ұйымдар алдындағы борышын өтеуі осы кезеңге сай келеді. Ал жеке компаниялардың сыртқа қарызы шамамен 101 млрд долларды құрайды.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар