2024 жылы еліміздегі инфляция көрсеткіші 8,6 %-ды құрады

Кәмшат Тілеухан 05 қаң. 2025 16:16 706

Инфляция 2023 жылғы 9,8%-дан 2024 жылы 8,6%-ға баяулады. Өткен жылы бағалар ақылы қызметтерге – 13,3%, азық-түлік емес тауарларға – 8,3%, азық-түлік тауарларына 5,5% өсті, деп жазады Dalanews.kz Ұлттық статистикалық бюро ұсынған тың мәліметке сүйене отырып.

Ақылы қызметтер бойынша тарифтер:

  • суық суға – 43,1%,
  • ұялы байланыс қызметтеріне – 27%,
  • су бұруға – 25,7%,
  • орталық жылытуға – 22,3%,
  • ыстық суға – 19,2%,
  • электр энергиясына тарифтер 18,4% жоғарылады.

Жол жүру төлемі теміржол жолаушылар көлігіне – 24,9%, қалалық автобусқа 11,8% қымбаттады.

АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТІ

Картопқа – 37,7%, тәтті бұрыш – 25,5%, зәйтүн майы – 23%, пияз – 21,2%, қызанақ – 20,3%, қияр бағасы 18,8%-ға өсті.

Баға төмендеді:

  • қарақұмық жармасына – 21,4%,
  • сәбіз – 8,7%,
  • қант – 3,2%,
  • күріш – 2,9%,
  • қырыққабат 1,7% арзандады.

Өңірлердің ішінде ең жоғары жылдық инфляция Астана қаласында – 10,7% (орташа республикалық деңгейден 2,1 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы облысында 6,6% тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Жетісу облысында – 7,9%, азық-түлік емес тауарларына – Түркестан облысында 13,2%, ақылы қызметтерге – Астана қаласында 16,9% өсті.

Бұған дейін сайтымызда "Доллар тағы қымбаттай ма? Сарапшылар желтоқсанда инфляция қарқын алатынын болжады" атты мақала жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар