Freedom Inside '26

2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген әйел Түркиядан депортацияланды

2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген әйел Түркиядан депортацияланды
ІІМ

2021 жылдан бері халықаралық іздеуде болған 46 жастағы Қазақстан азаматы Түркияның Анталия қаласында ұсталып, елге депортацияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, операция қазақстандық және түркиялық құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асқан.

Тергеу нұсқасына сәйкес күдікті 2018-2020 жылдары сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, 1300-ден аса адамнан 6 миллиард теңгеден аса қаражатты заңсыз иемденген.

Іздеуде жүрген әйел 26 маусымда Түркиядан Қазақстанға жеткізілді.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері алаяқтыққа қатысы бар 117 адам ұсталған. Олардың әрекетінен келген жалпы материалдық шығын көлемі 17 миллиард теңгеден асады.