Жетісу облысында лауазымды тұлғалар құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Екі лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылған, олардың біреуі - аудандық бөлімше басшысы.
Жетісу облысы Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді сақтау бағытында талдау жүргізіп, кейбір мемлекеттік қызметшілер букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқанын, бәс тіккенін анықтаған.
Ойын шотын толықтырудың жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден асқан.
"Тәртіптік комиссия шешімімен екі лауазымды тұлға атқарып отырған лауазымынан босатылды. Олардың бірі - еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы", - деді прокуратура өкілдері.