Freedom Inside '26

19 маусымда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

19 маусымда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
pixabay.com

19 маусымда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

19 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Караганды қ.: күндіз қатты ыстық 35 градус.

19 маусымда күндіз Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 19 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

19 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

19 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шыгыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 19 маусымда күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Жоғары өрт каупі сақталады.

19 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 19 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

19 маусымда күндіз Маңғыстау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыста 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 19 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

19 маусымда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 19 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.