Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді. Нұрмұхаммед Жайлыбай қылыштасудан қола медальға ие болды.
Отандасымыз жартылай финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде Түркия өкілі Фуркан Яманға 13:15 есебімен жол берді. Осылайша Жайлыбай турнирді үшінші орынмен аяқтады.
Жарыс барысында ол Венгрия спортшысы Даниэль Беркешиді (15:6), жапониялық Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовты (15:14) және АҚШ өкілі Эмилио Патурзоны (15:13) жеңген еді.
