17 жастағы жігіттің өлімі: ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ жабылды

Қаракөз Амантай 07 қаз. 2024 15:41 2409

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында орналасқан субұрқақ толық істен шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұнда 17 жастағы жігіт тоқ соғып, қаза тапқан еді.

Субұрқақтың конструкциялары бөлшектелді

Қазіргі уақытта субұрқақтың барлық конструкциясы толық бөлшектеліп, субұрқақтың тостағаны арнайы палубамен жабылған. Университет басшылығы бұл нысанның әрі қарайғы тағдыры туралы нақты шешім қабылдамаған. Болашақта субұрқақтың қайта қалпына келтірілуі немесе басқа мақсатта қолданылуы туралы нақты ақпарат берілген жоқ.

ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, субұрқақ университетке тиесілі және қазіргі уақытта жұмыс істемейді.

“Субұрқақтың орнында әлі қандай да бір объектіні орнату жоспарланбаған. Субұрқақ ҚазҰУ балансында және қазіргі уақытта жұмыс істемейді”, - деп хабарлады Ұлттық университеттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға биылғы жылдың 19 маусымында болған еді. Жасөспірім университет ректоратының алдындағы субұрқаққа шомылмақ болады.

Алайда достарының көз алдында суға батып, шыға алмай қалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар