14 қарашада сізді не күтіп тұр? Жұлдыз жорамал

Көркем Алдабергенова 14 қар. 2025 07:30

14 қарашаға арналған жұлдыз жорамал: 

ТОҚТЫ

Белсенді әрекетке қолайлы күн. Жұмыста жаңа мүмкіндік тууы мүмкін. Ең бастысы - майда-шүйдеге бола дауласпаңыз.

ТОРПАҚ

Сабыр қажет болады. Тұрмыстық мәселелер алдыңғы орынға шығады. Эмоцияға толы әңгімелерден аулақ болған жөн.

ЕГІЗДЕР

Қарым-қатынас пен жаңалық көп болады. Келіссөздер сәтті өтеді. Жеке өмірде әдептілік маңызды.

ШАЯН

Бүгін бастаған істерді аяқтауға қолайлы. Көңіл-күйдің құбылуына ермеңіз. Кешке үйде тыныш атмосфера орнайды.

АРЫСТАН

Назар сізге ауады. Басшылықтан мақтау естуіңіз мүмкін. Қаржы саласында жағымды жаңалық болады.

БИКЕШ

Құжаттармен, есеппен және жоспарлаумен айналысуға қолайлы күн. Ұсақ-түйекке назар аударыңыз - бүгін олардың маңызы ерекше.

ТАРАЗЫ

Жаңа идея туады, бірақ жүзеге асыруға асықпаңыз. Жақындарыңыз сіздің қолдауыңызға мұқтаж болуы мүмкін.

САРЫШАЯН

Күш-қуатыңыз мол - оны дұрыс бағытта пайдаланыңыз. Батыл шешімдер мен қаржылық қадамдар үшін сәтті күн.

МЕРГЕН

Кездесулерге, сапарларға және өзіңізді дамытуға жақсы уақыт. Жеке өмірде жылы, сенімді әңгіме күтіледі.

ТАУЕШКІ

Төзім қажет болады. Қиын тапсырма да қолыңыздан келеді. Ақшаға қатысты мәселелерді шешуге қолайлы күн.

СУҚҰЙҒЫШ

Шығармашылық пен жаңа идеяларға тамаша уақыт. Жағымды кездесулер болуы мүмкін. Ең бастысы - бос уәде бермеңіз.

БАЛЫҚТАР

Интуицияңыз дұрыс бағыт көрсетеді. Үйдегі атмосфера жайлы болады. Маңызды шешімдерді байыппен қабылдаңыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар