12 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар мен боран күтіледі

Самал Асқар 12 қаң. 2026 07:21

12 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты елдің көп өңірінде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстігі, батысы және шығысы циклон ықпалында қалады. Бұл аймақтарда қар жауып, боран соғуы, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар аралас түрінде жауады.

12 қаңтарда республика бойынша ауа температурасы мынадай болады:
Батыста түнде 6–12° аяз, күндіз 2° аяз – 6° жылымық;
Солтүстік-батыста түнде 10–18° аяз, күндіз 5–10° аяз;
Солтүстікте түнде 12–20° аяз, күндіз 7–15° аяз;
Орталықта түнде 10–18° аяз, күндіз 5–12° аяз;
Шығыста түнде 15–25° аяз, күндіз 8–15° аяз;
Оңтүстікте түнде 3° аяз – 3° жылымық, күндіз 5–12° жылымық;
Оңтүстік-шығыста түнде 5–10° аяз, таулы аймақтарда 15–20° аяз, күндіз 2–8° жылымық, таулы өңірлерде 3–8° аяз күтіледі.

Синоптиктер ауа райының құбылмалы болуына байланысты жолға шығатын азаматтарды барынша сақ болуға, әсіресе көктайғақ пен боран кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар