1,2 миллион еуро: Черчесов Қазақстанда қанша жалақы алған болуы мүмкін?

Көркем Алдабергенова 27 қаң. 2025 16:00 1088

Желіде Станислав Черчесовтің жалақысы шамамен қанша болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Айта кетейік, Қазақстан футбол құрамасының бас бапкерінің жалақысы – құпия ақпарат.

"Ресейлік маман біздің ұлттық команданы басқарған кезде, әлеуметтік желілерде оның бір маусымдағы жалақысы 1,2 миллион еуро болатындығы айтылған. Алайда Станислав Саламович бұл айтарлықтай ірі соманы жоққа шығаруға тырысты", дейді телеграм арнадағылар.

Бұл қаржылық дерекке Қазақстан футбол федерациясы да жауап берді. Алайда, олар бұл ақпаратты жоққа да шығармады, растамады да.

«Маманның жалақысы келісімшарттың құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды. Бұл келісімшартты қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылмайды», – деп хабарлады ҚФФ.

Станислав Черчесов Қазақстан футбол құрамасын 7 ай 24 күн басқарды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 6 матч өткізіп, бірде-бір гол соға алмады. Команда 5 рет жеңіліп, 1 ойын тең аяқталды. Жалпы нәтиже – 0:15, өкінішке қарай,бұл Қазақстанның пайдасындағы ұпайлар емес.

Ресми емес ақпаратқа сенсек, бұл кезеңде ресейлік маман Қазақстанда 779 992 еуро (әр гол үшін 51 999 еуро) тапқан. Сонымен қатар, келісімшарт «2+2» схемасы бойынша жасалғанын ұмытпау керек. БАҚ мәліметтеріне сәйкес, келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда ҚФФ 1 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Қалыптасқан жағдайда, жұмыстан босатуды бастамағаны Черчесовтің өзі болуы әбден мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар