Freedom Inside '26

12 маусымда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

12 маусымда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды
ЖИ: Dalanews.kz

12 маусымда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

12 маусымда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Атырау қ.: 12 маусымда күннің соңында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық.

12 маусымда Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 12 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

12 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 12 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

12 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкент қ.: 12 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 12 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

12 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 12 маусымда түнде және таңертең аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

12 маусымда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 12 маусымда түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

12 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 12 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

12 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.