11 көлік, жер телімдерін сатып алған: Алматыда тендер махинациясы әшкереленді

Сағыныш Сардарова 04 там. 2025 11:50

Алматыда тендер махинациясы әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатысу барысында жалған мәліметтерді қолданған адамдарға қатысты соталды тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тергеу барысында 2021 жылдан 2024 жылға дейін қылмыстық схемаға қатысушылар қолдан жасалған құжаттар мен жалған мәліметтерді пайдаланғаны анықталды. Оны жалған компаниялар арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған тендерлерде рейтингтерін көтеру мақсатында пайдаланған.

"Мұндай қызмет үшін ұйымдастырушылар 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін сыйақы алып отырған. Заңсыз жолмен алынған жалпы табыс 664 млн теңгеден асып кеткен. Бұл қаражатқа 11 көлік пен 12 жылжымайтын мүлік (5 тұрғын үй мен 7 жер учаскесі) сатып алынған. Тергеу болжамы бойынша заңсыз әрекеттердің нәтижесінде бірқатар ұйыммен жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуық келісімшарттар жасалған. Төрт күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар