1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында бірқатар азық-түлік өнімдерін сатуға тыйым салынады

Қаракөз Амантай 07 нау. 2025 11:30 788

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында кейбір тағам түрлерін сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау кодексінің 7-бабының 103-тармақшасына сәйкес бұйырамын: Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарттарын жаңа редакцияда бекіту”, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында.

Бір реттік ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде ас қабылдау екінші сабақтан кейінгі үзілісте қамтамасыз етілуі керек және оған 10-30 минут уақыт бөлінеді.

Білім беру ұйымдарында өндірілмейтін және сатуға болмайтын азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың тізімі:

• Қайта мұздатылған ет пен құс өнімдері
• Қайта мұздатылған балық және балық өнімдері
• Тұздалған (аз тұздалған) балық
• Ет механикалық жолмен сүйектен ажыратылған өнімдер
• Құс етінен жасалған коллагенді шикізат
• Алты айдан ұзақ сақталған мұздатылған ет блоктары
• Құрамында 20%-дан көп майлы және дәнекер тіні бар сиыр еті
• Шошқа еті, қой еті, бұқа, қабан және арық мал еті
• Бауыр, тіл, жүрек және қаннан басқа субөнімдер
• Ластанған немесе қабығы зақымдалған жұмыртқа
• Пастеризациядан өтпеген сүт және сүт өнімдері
• Сүт майын алмастырғыштары бар өнімдер
• Құрамында еттен басқа ингредиенттері бар ет өнімдері
• Белгілі бір қышқылдық көрсеткіштерінен жоғары өсімдік майлары
• Хлопок майы
• Гидрогенизацияланған майлар
• Ащы дәмдеуіштер (бұрыш, қыша, желкек)
• Саңырауқұлақтар
• Құрамында тәттілендіргіштер, күшейткіштер, консерванттар, синтетикалық бояғыштар бар өнімдер
• Тұз мөлшері 0,3%-дан, қант мөлшері 5%-дан жоғары өнімдер
• Өнеркәсіптік консервілер
• Үйде дайындалған өнімдер
• Йодталмаған тұз
• Темірмен байытылмаған жоғары және бірінші сортты ұн
• Ластанған немесе зиянкестермен бүлінген жарма, ұн, кептірілген жемістер
• ГМО бар шикізат
• Пестицидтер қолданылған өнімдер
• Бензой және сорбин қышқылдары бар өнімдер

Сонымен қатар тыйым салынады:

• Кешегі тамақ қалдықтарын жаңа тамақпен араластыру
• Салқындатқыш жабдықсыз сақталған өнімдерді сату
• Өтпеген тез бұзылатын тағамдарды мұздату және қайта сату
• Дайын тағамдарға зауыттан тыс соустар қосу
• Асхана қызметкерлерінен басқа адамдардың тағам дайындауға араласуы
• Дайын тамақтарды екі сағаттан артық сақтап сату

Тыйым салынған тағамдар:
• Қаймақ, сүзбе, айран
• Фарш салынған құймақ
• Флотша макарон
• Паштеттер, студень
• Кремді кондитерлік өнімдер
• Тәттілер
• Морс, квас
• Қуыру майында қуырылған тағамдар
• Шикі жұмыртқадан жасалған омлет
• Майонез және қаймақ қосылған салаттар
• Окрошка
• Саңырауқұлақтар
• Үй жағдайында дайындалған консервілер
• Жылдам дайындалатын құрғақ сорпалар
• Фаст-фуд өнімдері (гамбургер, хот-дог, пицца, наггетс, чипсы, дәмді сухариктер)
• Кетчуп, өткір соустар
• Пастеризациядан өтпеген сүт өнімдері
• Шұжық өнімдері, ысталған еттер
• Кофе және кофе сусындары
• Тұз мөлшері 0,5%-дан, қант мөлшері 25%-дан жоғары өнімдер
• Алкоголь, абрикос дәндері, сірке суы қосылған өнімдер

Тыйым 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
Pitbull (әңгіме)
07 нау. 2025 23:01