1 АҚШ долларының құны қайтадан 500 теңгеден төмендеді

Кәмшат Тілеухан 25 ақп. 2025 16:26 676

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 498,69 теңгені құрап, бір тәулікте тағы 3,46 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 25 ақпанда аздап көтерілді.

ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,26%-ға өсіп, 1 баррелі 74,50 долларды құрады. 

NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,38%-ға көтеріліп, 1 баррелі 70,97 доллар болды. 

Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 502,89 теңге болған еді.

25 ақпандағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары төмендегідей:

Астана

  • 1 АҚШ доллары: сату – 499 теңге, сатып алу – 505 теңге.
  • 1 евро: сату – 522 теңге, сатып алу – 529  теңге.
  • 1 рубль: сату – 5,6 теңге, сатып алу - 5,7 теңге.

Алматы

  • 1 АҚШ доллары: сату - 499 теңге, сатып алу – 502,3 теңге.
  • 1 евро: сату – 524 теңге, сатып алу – 528 теңге.
  • 1 рубль: сату – 5,55 теңге, сатып алу - 5,67 теңге.

Шымкент

  • 1 АҚШ доллары: сату – 498 теңге, сатып алу – 502 теңге.
  • 1 евро: сату – 523 теңге, сатып алу – 529 теңге.
  • 1 рубль: сату – 5,6 теңге, сатып алу - 5,7 теңге.

Айта кетсек, осы айда теңгеге шаққанда америкалық валюта бағамы 17 ақпанда ең төменгі шегін игерген еді. Ол кезде 1 АҚШ доллары 495,28 теңге болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар