Тортуыл Шоқан Иван Сауэрдің қазақтарды солтүстікке көшіруге неге қарсы екенін айтып берді (видео)

Dalanews 14 қаз. 2022 02:20 582

Белсенді Фейсбук қолданушысы Тортуыл Шоқан «Жаңа Qazaqstan» тобында елімізге аты мәлім агроолигарх, латуфиндист Иван Сауэрдің еліміздің Оңтүстігінде өңірлерді мекендейтін қазақтардың Солтүстік облыстарға көшіп барып жатқанын неге қабылдай алмағанын тамаша тәпсірлепті. Тортуыл Шоқанның бұлайша ойын ортаға салуға Иван Сауэрдің «Хабар» арнасындағы Рахым Ошақбаевтың «Сұхбат» бағдарламасына 2021 жылы жазда берген сұхбатындағы «оңтүстіктегі қазақтарды солтүстікке көшірудің қажеті жоқ» деген сыңайдағы әңгімесі себепші болған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақтың жері қызығын көріп тауыса алмай жүрген, және оны қазақ пен бөліскісі келмей отырған агроолигарх – Иван Сауэрдің сөзін тәпсірлеп берейін.

Бұл – егін шаруашылығына қолайлы құнарлы жердің бәрін басып алған латифундист ойын өз аузымен айтты. Халқы аз Солтүстік облыстарға қазақ барса не болады?

Егін шаруашылығы мен айналысамын деген қазаққа:

  1. Жер керек,

  2. Субсидия керек,

  3. Лизингке техника керек,

  4. Тұқым керек,

  5. Тыңайтқыш қоспалар керек,

  6. Маман керек,

  7. Жұмысшы керек,

  8. Оларды оқытатын оқу орындары керек,

  9. Латифундистермен жер бөлісуі керек!


Мал шаруашылығы мен айналысамыз деген қазаққа:

  1. Мал басын көбейтуге субсидия керек,

  2. Оны бағатын жер керек,

  3. Жем-шөп дайындайтын шабындық керек,

  4. Техникаға лизинг керек,

  5. Мал бағатын адам күші керек!


[video width="426" height="240" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/10/309643542_437822054905459_1118083897704928314_n.mp4"][/video]

Осы тізбектеп шыққан проблемаларды шешу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы минстрлігіне көп қаржы мен уақыт керек, дұрыс па? Осының бәрін жасамас үшін олар не істейді енді?!  «Солтүстікке көш» жобасына қарсы сөйлейтін Иван Сауэрлерді алдыға шығарады!

Иван Сауэрдің «Один раз живём. Значить эту жизнь нужно прожить на юге, т е в Шымкенте» деген Назарбаевтың «сөзін» тәпсірлегенінің түкке қажеті жоқ!

Қазақта «Бос жер – жау шақырады» деген аталы сөз бар. Демек, Солтүстікті қазаққа толтыру керек! Билік осыған байланысты «ғасырлық» жоба жасауы қажет!

Еркін – қайыру көрмеген мал семіреді. Солтүстікте жерге көмбей жер бетіне тастаған бидайдан көп өнім алуға болады. Түгін тартсаң майы шығатын жер ғой.

Ал, кең дала – саф ауа – таза су ішкен адамнан туған ұрпақтың да дені сау, өз мекенін қорғайтын азамат болып өседі.

«Солтүстікке көш» жобасы жалғасын табу үшін Burahan Daqanov бауырымыздың TAUEKEL ұйымын қолдайық!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x