Алматы облысының оқушыларына «Салиқалы ұрпақ» қоры 500 ноутбук табыстады

Dalanews 10 қыр. 2020 05:39 252

Жаңа оқу жылында қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасау мақсатында Алматы облысының оқушыларын барлық қажетті техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Егер жақында балаларға республикалық бюджеттен дербес компьютерлер таратылса, бүгін "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының демеушілігінің арқасында Талдықорған қаласына 500 ноутбук жеткізілді.

Олардың 200-і Талдықорған оқушыларына арналған, ал қалғандары жақын арада аудандарға бөлінеді.

– Ноутбуктер аз қамтылған отбасы балаларына берілетін болады. Біз осындай қиын кезеңде әрбір баланың сапалы және жақсы білім алуын қалаймыз. Өйткені, болашақ ұрпақтың дамуына еш кедергі болмауы керек, – дейді қор директоры Қасым Қасабеков.


Бұған дейін «Салиқалы ұрпақ» қоры Алматы қаласының оқушыларына 500 ноутбук сыйлап, Коронавируспен күресуге және Мақтаарал ауылын қалпына келтіруге қаражат бөлгенін атап өткен жөн.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x