Жетісуда оқушыларға 20 мың компьютер сатып алынады

Dalanews 10 қыр. 2020 05:35 911

 Биыл оқу жылы онлайн форматта басталғаны баршаға аян. Қашықтықтан оқу ісіне керекті ең қажет құралмен қамтамасыз ету жайы бүгінде өзекті.

Алматы облысы білім басқармасы өңірдегі барша ұстаз бен оқушының сауатты білім нәрімен сусындауына бар жағдайды жасап бағуда.

Ұрпаққа білім беретін мұғалімдер қауымының жалпы саны облыс көлемінде 41 625-ті құрайды. Барлығы дерлік компьютермен жабдықталған дейді мамандар. Ұстаздар қауымының 49,9%-ы, жеке лимитсіз  интернет желісіне және 3G/4G – 45,7%-ы қосылған.

Жарқын болашақтың ертеңгі иелері оқушылардың 57,4%-ның  компьютері немесе ноутбугі бар. Дейтұрғанмен аталған құрылғыға қолы жетпей отырғандар да табылады. Олардың саны 95 105. Бұл мәселенің күрмеуі шешілетін күн алыс емес дейді өңірдің бас ұстазы Майгүл Омарова.

Осы тектес жұмыстарды ретке келтіру үшін әуелі мектептердегі 23 678 компьютер оқушыларға уақытша пайдалануға берілген. Сондай-ақ, оқу жылының басында білім алушыларға демеушілер есебінен 445 компьютер, 503 ноутбук, 661 планшет, сонымен қатар, облыстық бюджеттен 6000 ноутбук таратылған.


Бұл бағыттағы амалдар толастар емес. 20 мың компьютерлік техника сатып алуға  4 млрд теңге қаржы бөлінген. Ал республикалық бюджет есебінен 55 686 бірлік компьютерлік техника берілді, бұл компьютерлік техника 51 254 аз қамтылған отбасы балаларына, 1 682 жетім, 2 750 ерекше білім беруді қажет ететін балаларға табысталмақ. Сонымен қатар 5 млрд теңге көлеміндегі қаржыға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 20 мың бірлік компьютерлік техника алу жоспарланған, сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру жүйесіндегі жұмыс мұнымен тоқталған жоқ. Интернетке қосылу ісі де жолға қойылған. Жергілікті бюджеттен 38 994 роутер сатып алуға қосымша  730 млн теңге  қаражат бөлінді, роутерлар 5 қазанға дейін сатып алынады.

Естерізге саламыз, облыс бойынша 760 мектепте 430 206 бала білім алуда, 1 сыныпқа 47 мыңнан астам бала қабылданды.

– Бүгінгі күні  189 мектепте 15 681 бала штатық режимде, 571 мектептің 370 761 оқушысы  қашықтықтан оқытылуда.  Сонымен қатар, мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші негізінде 3742 кезекші сынып ұйымдастырылды, онда 46602 оқушы білім алуда. 18 тамыздан бастап 678 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде  2021 кезекші топ жұмыс істеуде, 26882 бала қамтылған.Сонымен қатар,  6 арнайы мектеп интернаты,  40 қосымша білім беру мекемелері  қашықтықтан жұмыс жасайды, – дейді Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар