Талғар ауданында 8 мектепке 10 жаңа балалар автобусы берілді

Dalanews 22 мау. 2020 15:54 328

Бүгін Талғар ауданындағы 8 мектепке оқушы тасымалдау үшін 10 жаңа автобус берілді. Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорлары мен ауыл әкімдеріне аудан басшысы Жолан Омаров табыстады.

– Өткен жылы аудан мектептерін аралап жүріп, ауылдағы балаларды тасымалдайтын автобустардың жағдайын көріп, жүрегімді ұстағаным бар. Сол кезде бұл мәселені тезірек қолға алу керектігін түсіндім. Бұл көліктер оқушылардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін және жақсы оқып, үлгілі оқушы болулары үшін беріліп отыр, – деген аудан басшысы, сондай-ақ ауыл әкімдеріне жаңа көліктерді талапқа сай ұстап, қарауға тапсырма берді.

Айта кетсек, ауданда  жалпы  білім  беретін 42 орта мектеп жұмыс жасайды.  Оның ішінде 14 мектепке 25  мектебі жоқ елді мекендерден 2526 оқушы тасымалданып оқытылады.


10 жаңа 21 орындық автобустарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 133 млн. теңге бөлінген.

Сонымен бірге, тасымалдау қажеттілігін толық шешу үшін, алдағы уақытта 3 мектептің саяжайдан 809 оқушысын тасымалдайтын және Талғар қаласына МТФ-дан 45 оқушы тасымалдайтын автобустар сатып алу жоспарда бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x