Бейнесабақтарға қатысты байқау аяқталды

Dalanews 22 қаз. 2018 09:54 170

ҚР Президентінің Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері (7-тармақ – «Адам капиталы – жаңғыртунегізі») Жолдауын іске асыру аясында Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ қолдауымен Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсының 1-ші маусымда басталған қалалық кезеңі аяқталды.

21 номинация бойынша ұйымдастырылған конкурсқа жүзден аса мұғалімдер өз материалдарын ұсынды. Жіберілген бейнематериалдардың көпшілігі заманауи Қазақстандағы білім беру жүйесінің түрлі инновациялық және дәстүрлі нысандарын, әдістерін, жаңа педагогикалық білім беру технологияларын, практикалық педагогиканың даму перспективаларын қарастырған.

Эксперттік кеңес мүшелері конкурсқа ұсынылған бейнесабақтар мен бейнедәрістердің мазмұы мен техникалық сапасын жан-жақты тексеруден өткізуде. Мұғалімдер конкурс қорытындысын асыға күтуде.

Әрбір конкурс, бұл әрқашан қиын да қызықты сынақ. Сонымен қатар, бұл үлкен еңбек нәтижесінде шеберлігіңді арттырып, осы саладағы жеткен жетістіктер мен асқан тәжірибелерді ортаға салып, пайдаға асыру.

Бүгінгі күні көп ұпай жинағандар қазіргі заманғы педагогикалық шеберліктің қыр-сырын аша түсіп, өздерінің жетістіктері мен жинақтаған тәжірибелерінің бекер кетпегенін дәлелдей алды деп нық сеніммен айтуға болады.

Сөз соңында айтарымыз, құрметті әріптестер, сіздердің таланттарыңыз, бастамашылдықтарыңыз бен түсінушілік мәдениетіңіз, сондай-ақ әлеуметтік және азаматтық құзыреттілікке қабілетілігіңіз үшін үлкен рахмет! Әрбір конкурсқа қатысушы жеңімпаз.Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

 

Қоғаммен байланыс бөлімі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x