"Айналаңды нұрландыр"

Dalanews 12 мам. 2016 01:40 257

Францияның атақты шығыстанушы ғалымы  Франсит Ришардың  адамзат тарихындағы адамзат өмірін өзгертіп, тіршілігін төңкеріп түсірген  үш түрлі толқын туралы айтады. Бірінші, ауыл шаруашылық өркениеті, адамдар бірінші рет дәнді-дақылды қамбада сақтап, аштан өлмей, қыстан аман шыққанда дүние шыр айналды. Екінші, ХҮІІІ ғасырда екінші толқын басталды. Ол – индустрия. Қаптаған зауыт, фабрика, манифактура, бу мен көліктің жеті атасы дүниені төңкеріп жіберді.

ХІХ ғасырдың соңына қарай үшінші толқын басталды. Енді технология мен бірге ақпаратттық қоғам басталды.  Санаулы секундта  хабар беретін апараттар жетіле бастады. Артынша радио, ТВ, ғарыш, интернет бұрқ ете қалды. Үшінші толқын әлемді адам танымастай өзгертті. Сонымен бірге адамдардың сана сезімі мен ақыл ойларыда түбегейлі өзгерді. Енді төртінші толқын басталады.  Өркениетті елдер адам жаны сезілмейтін барлық нәрседен мезі болды. Олар енді ата-бабасынан мирасқа қалған барлық құндылықтарды жинап теріп түгендеумен әуре болып жатыр. Әсіресе көне кітаптарды оқып, аударып, айналымға қайта салу ісі алға шығып келеді. Ол кітаптарда ақылды адамдардың жаны мен көңіл-күйі, ғылымға деген адалдығы, рухани ілімге деген махаббаты сақталып қалған. Енді төртінші толқын ұрғанда, ата-бабасынан мирасқа қалған рухани мұраларға иелік еткен елдер ғана ендігі өркениеттің көшіне ілесе алады, - дейді.

Жалпы, бір формациядан  екінші формацияға  өткенде рухани  дүниеде тоқырау болатыны сияқты, кеңестік жүйеден шыққан бізде де сондай  рухани дүниемізде тоқырау кезеңін бастан өткізудеміз, рухани дүниеге көзқарас азайып, материялдық құндылықтар алға шығып кетті. Яғни, заманның өзгеруімен қатар құндылықтар туралы адмадардың көз-қарасымен дүние-танымы да өзгерді. Әсіресе, егемендік алған жылдардан бергі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани-сана сезімінің қалыптасу барысында жоғарыда ғалымның атап өткен үшінші толқын әсері қатты сезілуде. Ғаламдық ақпарат алысудағы жылдамдық, теледидар, компьютер, интернет жастар үшін бүгінгі күннің басты құндылығы,  заман талабы, қоғамдық қажеттілік ретінде ерікті, еріксіз бірінші орынға шығуда. Жаңа технолгиялардың  көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан  адамзат өркениетінің шаңына ілесеміз деп адамзат өзінің қайда бара жатқанын  білмейді. Жер планетасының ең дамыған, ең өркениетті деген батыс Еуропа мен Америка сияқты алпауыттар, технология дауының шыңына жеткенімен рухани құлдыраудың түбіне жеткенін енді сезініп, түсінуде. Біздің қоғамның жастары да осы батыстың жалаң, ашық-шашық мәдениеті мен жалған демократиясының құрбанына айналуда. Мойындаймыз, қазіргі қоғам  адамдары жаңа технологиясыз, ақпаратсыз, инетернет, компьютерсіз өмір сүру мүмкін болмай отыр. Сонда өркениетке жету деген өткеніңді ұмытып, өзіңнен-өзің жеру деген сөз емес шығыр?! Енді жоғарыда ғалымның атап өткен төртінші толқын кезеңіне дөп келгендейміз. Жаңа технология мен қатар рухани жағынан қоса даму құстың екі қанаты сияқты  теңдік орнатып, әлем кеңістігінің  көк аспанына шығаратын жалғыз  жол деп қарайтын кез жеткен сияқты.  Франсит Ришардың атап өткен рухани құндылықтар ішінен  рухани әлемімізге ең басты  ықпал етер құрал ретінде  бірінші кезекте мен кітап оқуды  айтар едім.  Біздің болашағымыз жастар, қазіргі жастар компьютердің тілін беске білер, бірақ кітап тілін біледі деп сеніммен айта алмаймыз.

Бір көңіл қуантарлығы Франсит Ришардың  айтқан төртінші толқынын алдын ала сезіп, дер кезінде  жастардың санасын сәулелендіріп, рухани әлемін байытуға  белшеше кірісіп, нақтылы қадамдар  жасап отырған  өте сәтті жобалардың бірі ҚазҰУ-дың Ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасымен қолға алынған «ҚазҰУ- дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы. Осы жоба аясында, жақында ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының ұйымдаструымен  халқымыздың аяаулы ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыздың шығармашылығына арналған іс-шара өтті.  Іс-шараға кафедра оқытушылары мен қатар магистранттар, студенттер қатысты. Іс-шара барысында ақын өмірбаяны, жүріп өткен жолдары тыңдаушы қауымға таныстырылып, ақынның өлеңдерінен жыр-шумақтары тыңдалды. Студенттер және ақынның көзін көрген адамдар ақын туралы естеліктер айтты. Бір сағаттан астам өткен іс-шарадан өте жақсы әсер алып тарқастық, Әсіресе, Фариза апамыздың шығармасымен жақсы таныс емес студенттер кейбір оқытушылар үшін Фариза апамызды тану кезеңі енді басталғандай болды. Барлық қатысышылар Фариза апамыздың шығармасымен қайтадан танысуға, өлең кітаптарын сатып алып оқуға шабыт алып қайтты. Осындай  іс-шараның  рухани дамым-жетілуімізге, санамызда рухани сілкініс туғызатынына қаншалықты жәрдемі болатынына  тағы бір мәрте көзімді жеткізгендей болды.  Бұл «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аяасында өткен жүз немесе мың іс-шараның біреуі ғана,  енді бағамдай беруге болады, ҚазҰУ- дың студенттерінің  төрт жыл ішінде оқуға тиіс «100 кітап»  жобасы халқымыздың, соның ішінде студент жастардың рухани дамуға жасаған осы бір игілікті қадамы жастарымызға, еліміздің дамуына, қоғамымыздың рухани баюына қаншалықты серпін беріп, оңды әсерін беретініне қандай мақтау айтып, қандай қолдау білдірсек те жарасады деп ойлаймын. Бұл тек ҚазҰУ мен ғана шектелмей мемілекеттік тұрғыда қолға алынатын шаруа. Әрбір үлкенді-кішілі жоғары оқу орындар, мектептер де жағдайға қарай зерделеп жаппай қолданысқа енгізетін ұлтты жарқын болашаққа бастар игі бастамалардың бірі деп есептеймін.

ҚазҰУ- дың   қолға алған игі бастамаларының  тағы бірі «Айналаңды нұрландыр» жобасы. Осы жоба аясында студенттер мен мұғалімдер кейде қарттар үйіне, жетімдер үйіне барып ол кісілердің қал-жағдайларымен танысып қайтады. Жастардың қарт ата-әжелердің, тастанды күнәсіз жас сәбилердің қоңырқай өмірін көріп жүректеріне мейірім шуағы оянып, көздеріне жас алып, өмір сүрудің жауапкершілігі мен дұрыс адам болудың қаншалықты маңызды екенін сезініп, өздерінің ата-аналарының аяулы алақанында армансыз өсіп ер-жетіп келе жатқандарына тауба келтіріп, қартайған ата-аналарын өздерін қалай алақанға салып өсірсе, өздері де кейін ата-анасын сондай қамқарлыққа алу керектігін түсінгенінін көргенде іштей өзің де бақытқа бөленесің.  Осы ретте осындай ұлтымыздың рухани дамуына, жастарымыздың  өз тамырынан нәр алып өсуіне байланысты көптеген игілікті бастамалардың  бастаушысы, жаршысы, жанашыры, қамқоры болып  жүретін ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының еңбегін ерекше атап өткім келеді. Ол кісінің Қазақстандағы маңдай алды оқу орны Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін білім жағынан өте жоғары сапалы биік деңгейге көтеріп, білікті мамандар даярлайтын айтулы білім ордасына айландырып қана қоймай,  студент жастардың өз халқының  тарихи тамырымен жалғасып, рухани  қазынасынан молынан игіліктенуіне жағдай жасауы. Франсит Ришардың жоғарыда айтқан төртінші толқынына қарсы жасаған көреген басшылық, үлкен білімпаздық, ата-баба аманатын арқалаған таза тектіліктің игі қадамы деп есептеймін. Ол кісінің «100 кітап» жобасына арналған жиналыста  сөйлеген сөзінен келтірілген мына үзінді сөзі, сөзімнің дәлелі болғай: «Әрқайсымыз өзімізді-өзіміз дамытайық. Біздің бағыт алар алтын қазығымыз – Алаш арыстары. Олар материялдық құндылықты ешқашан алдыңғы орынға қойған емес. Ірі тұлғалардың арасында байдың да балалары болды. Бірақ ешқайсысы байлыққа қызыққан жоқ. Біз осы ұлыларымызға қарап бой түзесек, олардан кем болмаймыз. Ұлттымыз үшін ұялмауымыз керек, керісінше мақтанатын дәрежедеміз».

Ұлттқа қызмет ету, туған халқыңа, қасиетті жеріңе деген адалдық, ұрпақ алдындағы жауапкершілік бәрі де осындай қарапайым әрі қасиетті істер арқылы бастау алып, одан ары өркен жайып, халқымыздың өткені мен болашағына байланыстырып, тарихтан сабақ алып, болашаққа үлкен үмітпен аяқ бассақ, Елбасымыз атап өткен дамыған 30  елдің қатарынан ойып тұрып орын алып, әлемдік озық ұлттардың қатарынан көрінетінімізге кәміл сенемін. Сөз соңын Халқымыздың  ұлы жазушысы  Мұхатар Әуезовтің мына сөзімен аяқтағым келеді: «Бұл дәуірде өз елін, әдебиетін білмеген, оны қадірлемеген адамды – толық  мәнді  интеллегент деуге болмайды. Себебі, ол қандайлық мамандық иесі болғанымен, рухани сыңар жақ болып келеді», - деген екен.

                                                                Нұртәліп ШАРЫПҚАЗЫ,


   Әл-фараби атындағы


 Қазақ Ұлттық университеті


Шығыстану факультеті


Қытайтану кафедрасының


оқытушысы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x