Түлкібаста әлеуметтік аз қамтылған 830 оқушының демалысы ұйымдастырылады

Dalanews 12 мау. 2019 15:44 263

Түлкібас ауданында оқушылардың жаз кезеңіндегі сауықтыруы және демалысы тиімді өтуде. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында 830 аз қамтамасыз етілген, тұл жетім және жартылай жетім балалаларға жаз мезгілінде сауықтыру  үшін  аудандық  бюджеттен қаржы қарастырылып, ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап жазғы лагерде демалдыру жоспарлануда. 

Бұған  қоса  кәсіподақ   ұйымдарына,  мекеме  басшылары,  демеушілер,   ата-аналар   есебінен 3500 жуық оқушыны  аудан, облыс, республика  көлемінде  орналасқан  сауықтыру орындарында  демалту да жоспарда отыр.

Сонымен қатар, жаз айларында білім беру ұйымдарында «Латын әліпбиіне көшудің жаңа көкжиектерімен ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік тілдік үйірме курстар, аудандағы  аз  қамтамасыз  етілген  көп балалы отбасы  оқушыларына 6 білім беру ұйымында робототехника бойынша үйірме жұмыстары ұйымдастырылды.

59 мектеп  жанынан  тамақтанумен, ал барлық  жалпы орта негізгі   мектептердің жанынан тамақтанумен және тамақтанусыз екі-үш   ауысымнан   сауықтыру  алаңдары  жұмысістеуде. 5206 астам оқушы бір мезгіл   тамақпен,  6099  астам  оқушы   тамақтанусыз демалту  жоспарлануда,  барлық жалпы  орта  және  негізгі  мектептерде құрылатын көгалдандыру  және  орманшылық бригадаларына  1500  оқушы, аудандық  «Өнер»  мектебі,  жас   туристер станциясы, спорт   мектептерімен   спорт  кешендері жанынан   ұйымдастырылатын   әр түрлі үйірмелерге  1600 оқушы, мектептерде  ұйымдастырылатын клубтар мен қызықтыру үйірмелеріне 1500 астам оқушы   қамтылуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x