Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті QS World University Rankings рейтингіндегі қазақстандық жетекші университеттердің көшбасшылар қатарында. 2018 жылдың 6 маусымында QS World University Ranking-2019 рейтингі жарияланды. Рейтинг нәтижесіне сәйкес, ҚазҰПУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер қатарына еніп, өткен жылғы көрсеткішті 10 позицияға көтеріп, 481 орынды иеленді. Рейтингіге ұсынылған республиканың 51 жоғары оқу орындарының арасында үздік бестік қатарынан көрінді. Ал педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында біз 1-ші орынды иеленген.
2019 жылдың қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Laboratorio de Internet (Edition 2019.1.0) зерттеу зертханасының веб-сайтында жарияланған «Webometrics Ranking of World Universities» (Әлемдік университеттердің веб-сайттар рейтингісі) жаңа рейтингісінің қорытындысы бойынша 122 қазақстандық ЖОО арасында 4-ші (!) орынға ие болды. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында Абай атындағы ҚазҰПУ сайты 1-ші орынды иеленді!
2018 жылдың қаңтарында «Webometrics» веб-сайттар рейтингісінде ҚазҰПУ-дың ресми сайты әлем бойынша 8686-шы, Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында 15-ші орынға ие болған.
Уиверситет еліміздің TOP-20 жоғары оқу орындарының бас рейтингісіне кіріп, 5-ші орынды келеді. 2019 жылы 23 мамырда Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA-Ranking) сайтында ағымдағы жылдағы еліміздің үздік жоғары оқу орындары рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Институционалдық рейтинг нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық ЖОО арасында 1-ші орынды иеленіп, «Сарапшылардың репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы» және «Жұмыс берушілердің репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы» номинациялары бойынша көшбасшы атанды.
Сонымен қатар, БСҚТА рейтингтің бағалау көрсеткіштері бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының 2019 жылға арналған веб-сайттарының рейтингісін ұсынды. Рейтинг нәтижесіне сәйкес университетіміздің ресми сайты еліміздің 116 жоғары оқу орындары арасында 5-ші орынды, ал педагогикалық жоғары оқу орындарының санатында 1-ші орынды иеленді. Осы ретте университет 55 білім беру бағдарламалары халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өткенін айта кетуіміз керек.
Сол сияқты «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығында сертификаттау аудитінен өтіп, 2018 жылдың 3 шілдесінде ҚазҰПУ-ға «Русский Регистр» сертификаттары берілді.
Жуырда Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бес жылдық мерзімге аккредиттеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ ректор Такир Балықбаевтың басшылығымен оқу орнының Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру арқылы білім беру саласында маңызды жетістікке қол жеткізіп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының арасында беделін және танымалдығын арттыруда. Қазіргі таңда университетіміз білім беру мен зерттеу саласындағы танымал инновациялық орталық, мамандықтардың кең спектрі, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, заманауи индустриалды технологиялар, инновациялық бағдарламалар, жетекші шетелдік университеттермен қосдипломды бағдарламалары бар, іргелі ғылымның қарқынды дамуына ие, халықаралық білім және ғылым қоғамдастығына енген заманауи білім беру ұйымы болып табылады.
Мұндай жоғары қарқын жетістік Университет басшылығының ғылым және білім саласындағы тәжірибесінің және ұжымның зор еңбектерінің ортақ жемісі. Абай университетінің ұжымын лайықты табыстарымен құттықтай отырып, әлемдік және ұлттық рейтингтерінде өз позицияларын жоғарылатуын, батыл жобалар және жаңа бастамалар тілейміз.
Римма ЖАНБАЕВА