Ауылшаруашылық саласы алға басқан аудан

Dalanews 04 қар. 2018 15:50 316

Балтакөл ауылдық округінің әкімі Жасұзақ Тәукебаев салық түсімдерінің барлық түрлерінен жоспарды артығымен орындап, өткен жылмен салыстырғанда 366 гектар суармалы жерді айналымға енгізіп, егіс көлемі 110,3 пайызға артқанын баяндады.

– Ауылдық округте 5 тары цехы өнімді еңбек етуде. Ауылдарды абаттандыру жұмыстары аясында «Шатқал» іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 гектар жерге 5040 түп түрлі көшеттер отырғызылып, алдағы күндері қосымша 3 гектар аумаққа ағаш көшеттері отырғызылады, – деді округ басшысы.

Ал Маяқұм ауыл округінің әкімі Берікбай Имановтың айтуынша, округте жоспарға сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде биыл 3140 гектар жерге түрен салынып, түрлі дақылдар егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 113 пайызға артық. Сонымен қатар, Маяқұм ауылынан шыққан 9 Социалистік Еңбек Ері, 186 ҰОС қатысушылар мен тылда еңбек еткендерге, ауылдан шыққан ақындар және қоғам қайраткерлерінің құрметіне «Ардагерлер» саябағы салынған. Аталған жұмыстарға бюджет қаржысынан бөлек, ауыл кәсіпкерлері де қол ұшын созып, демеушілік жасағанын жеткізді.

Мал басы артып, жылыжай өндірісі жолға қойылған ауыл округінде туристік кластерді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Демеушілер есебінен «Оқсыз» қалашығына келуші туристерге қолайлы жағдай жасау бағытында біршама жоспарлар қолға алынуда. Яғни, автокөлік және аяқ жолдар мен автотұрақ салып, абаттандыру қажеттігін тілге тиек еткен ауыл әкімі келер жылы «Қостерек» елдімекенінде ауыз су мәселесі толық шешім табатынын да атап өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері ауыл әкімдерінің жұмыстарына оң баға берді.

Жиын соңында аудан әкімі Ерлан Айтаханов ауыл округтерінде атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылуы тиіс істерге тоқталып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенділігіне алғысын білдіріп, ұсыныс-пікірлер ауылдық округ басшылары тарапынан ескерілетінін жеткізді.

 

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x