Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ сессиясындағы кездесулері қалай өткенін әңгімелеп берді

Dalanews 27 қыр. 2019 15:13 225

Осы апта әлемінің назары АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 74 сессиясына ауғаны анық. Төрткүл дүниенің назарын аударған жиынға Қазақстандық делегацияны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастап барып, еліміздің көк байрағағын тік ұстап, абыроймызды асқататып қайтты.

Қазақстандағы ақпарат құралдары Қасым-Жомарт Кемелұлының әрбір ресми кездесуін қалт жібермей хабар таратқаны белгілі. Өз кезегінде жұрт та демін ішке тартып, Мемлекет басшысының әрбір кездесудегі сөзіне назар аударып, құлақ қойып тыңдады десек болады.

Осы ретте Tengrinews.kz ақпараттық порталына ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевпен дүниежүзі елдерінің көшбасшыларының кездесулері мен келіссөздері қалай өткені жайында әңгілемеп берді.

– БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы дүниежүзі елдері басшыларының бәрі бас қосатын маңызды шара. Бұл жолы да әдеттегідей, сессия жұмысына саясаткерлер, ірі кәсіпкерлер, беделді ғалымдар мен сарапшалар да қатысты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысына Мемлекет басшысы ретінде алғаш рет қатысқанын айта кетуіміз керек.

Сапар барысында Президенттің жұмыс кестесі өте тығыз болды. Әр күн сайын өзге елдердің басшыларымен ондағы кездесулер өткізді. Президентіміз сонымен қатар әлемнің ірі компанияларының басшыларымен де кездесіп, пікірілесті.
Барлық маңызды кездесулерде Қасым-Жомарт Кемелұлы өзімен кездескен тұлғалармен ағылшын тілінде еркін пікір алмасып, ойын ортағы салды. Кездесулер мен келіссөздер барысында Президентіміз әрбір ғалымдық мәслелерді бүге-шігесіне дейін терең білетін білікті саясаткер екенін көрсетті.

Осылайшы кездесулердің бәрі әсерлі, әрі екі жақ үшін тиміді өткеніне куә болдық, – деп ҚР Президентінің баспасөз хатшысы өзі куә болған жайттарды әңгімеледі.

Берік Уәлидің айтуынша, кездесулердің арасында Қазақстан Президентін өзге елдердің басшылары мен танымал сатасткерлердің құттықтаулары мен жылы лебіздерін де қабылдаған.

– Қысқа кездесулерде Қасым-Жомарт Кемелұлы Португалия, Руанда, Латвия президенттері, Нидерланд корльі, Грекия премьер-министрі, Францияның Қаржы министрі және кезінде Қазақстан Президентімен БҰҰ-ның құрылымында бірге жұмыс істеген әріптестері арнайы келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен пікірлесіп, өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді.

БҰҰ штаб-пәтерінде Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Инмен ойламаған жерден кездесіп, екі елдің басшылары екі елдің арасындағы байланыстарды тұрақты дамытуға қатысты ойларын ортаға салды.

Осындай қысқа кездесулердің барысында Қасым-Жомарт Кемелұлының өзге елдің көшбасшылары мен дүниежүзіне аты мәлім саясаткермен бұған дейінде достық, сыйластық қарым-қатынаста болғаны байқалып тұрды. Кездесулерде Президентіміздің халықаралық саясатта мол тәжірибе жинап, үлкен абырой-беделге ие болғанын кәу болып, мерейіміз өсіп қалды, – деп Берік Уәли ойын ортаға салды.

– Айтулы шара мен БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті жинында орнаған ауараны сөзбен айтып жеткізу қиын. БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақ елінің белгісі саналатын «Алтын адамның» көшірмесін көргенде кез келген қазақстандықтың көкірегін мақтаныш сезімі билейтіні анық. БҰҰ-да қалыптасқан жақсы дәстүр бар. Ұйымға мүше болған әрбір мемлекет өз елін танытатын қандайда бір естелік сыйлық сыйлауы тиіс.
Қазақстан билігі БҰҰ-ға Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» көшірмесін сыйлаған болатын. Біз «Алтын адамның» БҰҰ төрінде тұрғанын көріп, Қазақ елі әлемдік қауымдастықтың ажырмас бөлігіне айналғанын көріп, риза болдық – деп әріптесіміз айтулы жиыннан алған әсерімен бөлісіпті.     

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әңгімесінен Қазақстан делегациясы үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының 74 сессиясы табысты өткенін байқадық.



 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x