Бас прокуратура Қызылордада екі прокурордың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 12 мам. 2025 14:45 235

Бас прокуратура Қызылорда облысында екі прокуратура қызметкерінің ұсталғаны жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ҰҚК Қызылорда облысында прокуратура органдарының екі қызметкерін ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Белгілі болғандай, олардың бірі — Қызылорда облысы прокуратурасының қызметкері — есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінген. Екінші адам — Ұлытау облысының прокуроры деген болжам бар — ол қылмыстық істі шешуге көмектескені үшін бір миллион теңге пара алған деген күдікке іліккен.

Редакцияның сауалына жауап берген Бас прокуратура күдікті деп танылған адамның ұсталған сәтте құқық қорғау органдарының қызметкері болмағанын хабарлады.

«Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД мен Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде Ұлытау облысында Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді ведомство.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар