Илон Маск Twitter-ді сатып алды

Dalanews 01 мая 2022 04:47 939

АҚШ-тың Құнды қағаздар биржасы Илон Маск Tesla компаниясының біраз акциясын 8,5 млрд долларға сатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Илон Маск Tesla мен SpaceX компанияларының бас директоры екені баршаға мәлім. Ол Tesla-ның акциясын сатып, одан түскен қаржыға Twitter әлеуметтік желісін сатып алуға жұмсаған.

Ол Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алуға келіскен болатын.

АҚШ-тың Құнды қағаздар биржасы осы аптада Илон Маск Tesla-ның 9,6 млн акциясын саудаға шығарып, сатқанын растады. Енді Маскте әйгілі Tesla компаниясының 163 млн акциясы қалды. Бұл шамамен компанияның 16 пайыз акциясын құрайды.


Сауда сәтімен өткеннен кейін Маск енді өзі құрған компанияның акциясын сатуды жоспарламайтынын Twitter аккаунтында жария етті.

25 сәуір күні Twitter Маск әйгілі әлеуметтік желінің әрбір акциясына 54,2 доллардан төлегенін алға тартты.

Рекомендовать
Последние новости