Қазақстанда жыл сайын 5,5 мың заңсыз қоқыс үйінділері жиналады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған қолданыстағы тариф оларды жоюға кететін шығындарды ақтамайды. Еліміздегі қазіргі күрделі экологиялық ахуал жайлы бүгін Экология вице-министрі Жомарт Әлиев айтып берді. Экологиялық проблемаларды шешу құралы ретінде кәдеге жарату алымының қаражаты қолданылады. ӨКМ жүйесі бойынша қаржыландырылған жобалардың арқасында ҚТҚ өңдеу үлесі 2%-дан 24%-ға дейін өсті.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі өсіп келе жатқаны – айтарлықтай экологиялық қауіп төндіреді, деп атап өтті экология вице-министрі. 2023 жылы ғарыштық мониторинг бүкіл ел бойынша 5533 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтады. Қалдықтардың 70%-ы пластиктен, металдан, шыныдан және макулатурадан дайын өнімді қайта өңдеп, кәдеге жаратуға болатын еді. Алайда бұл үшін қайталама шикізатты жинау мен қайта өңдеудің инфрақұрылымын дамыту қажет.
"Қалдықтардың негізгі түрлері бойынша: шыны, пластик және макулатураны қайта өңдейтін қолданыстағы кәсіпорындардың қуаты өте төмен деңгейде. Дайын өнімді алу үшін ҚТҚ сапалы өңдеуді қажет етеді және тиісті технологиялық операцияларды жолға қою керек. Яғни, ҚТҚ жинау мен терең сұрыптауды ұйымдастыру керек. Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін бекітті", - деді экология вице-министрі.
Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы кәдеге жарату алымынан жиналған қаражаттан 94 экологиялық жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Ақша 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде, жалпы сомасы - 232, 2 млрд теңгеге 3% жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. "Жасыл даму" АҚ бөлінген қаражатқа өңірлерде 49,2 млрд теңге сомасына сұрыптау желілерін орнату, 223 бірлік қоқыс шығаратын техниканы, 2 050 бірлік ҚТҚ бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу, сондай-ақ 171,6 млрд теңге сомасына қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша 45 жобаны іске асыру жоспарлануда. ӨКМ тетігі елімізде ҚТҚ жинау және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымды кезең-кезеңімен құруды жалғастыруға, сондай-ақ қоқыс полигондарында қалдықтарды көму көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
"Бүгінгі таңда қоқыс шығару үшін белгіленген тарифтер қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату сияқты операцияларға жеткіліксіз. Сондықтан, ҚТҚ үшін қосарланған төлемдер екі есе дейтін пайым дұрыс емес. Бүкіл әлемде ӨКМ қағидаты бірінші кезекте экономиканың дәл осы секторына мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімсіздігі мен қажеттілігіне байланысты қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу саласын жолға қоюға бағытталған",- деп атап өтті Жомарт Әлиев өз баяндамасында.
Осы экологиялық жобаларды іске асырудан күтілетін нәтиже: ҚТҚ сұрыптау және қайта өңдеу үлесін ұлғайту, секторда 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, 46 млрд теңге жеке инвестициялар тарту, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен қоршаған орта сапасын жақсарту. "Утилизациялық алымды жою елдегі экологиялық мәселелерді шешуді кешеуілдетеді", - деп қорытындылады вице-министр қоғамдық тыңдауда.