Үш күнде ауа райы сұмдық өзгереді

Көркем Алдабергенова 19 дек. 2025 17:36

Синоптиктер 20, 21 және 22 желтоқсанға Астана мен Алматыдағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана

20 желтоқсан – бұлтты, қар жауады, боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 7–9, күндіз 4–6 градус аяз.

21 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 25–27, күндіз 18–20 градус аяз.

22 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, төменгі боран. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 20–22, күндіз 8–10 градус аяз.

Алматыдағы ауа райы болжамы

20 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 4–6 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы.

21 желтоқсан – бұлтты, қар жауады, күндіз кей уақытта қатты қар. Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 3–5, күндіз 0–2 градус аяз.

22 желтоқсан – құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 5–7, күндіз 0–2 градус аяз.

Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз күтіледі

Бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері 20–22 желтоқсанға арналған жалпы ел бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын. Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында қар жауып, боран соғып, жел күшейеді деп күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Ауа температурасы солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда –5 пен –30 градус аралығында құбылады. Ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында аяз –33–35 градусқа дейін жетуі мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости