ҮНСІЗДІК

Dalanews 17 янв. 2017 16:52 1089

Бәрі де үнсіз,

Үнсіз аспан, үнсіз жер,

Үнсіз орман, үнсіз таулар, үнсіз көл.

Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер,

Үнсіз кеуде...

Үнсіз жүрек дүрсілдер.

 

Бәрі де үнсіз...

Бәрінде бір сұрақ бар,

Үнсіз ауыл.

Үнсіз жанып тұр оттар.

Үнсіз зират ұйықтап үнсіз қыратта,

Үнсіз ағып бара жатыр бұлақтар.

 

Неге үнсіз?!

Не көрінген бұл манға?

Үнсіз күзде үнсіз тірлік тынған ба?

...Бір машина үнсіз аңыз үстімен

Үнсіз зулап бара жатыр қырманға

 

Мұқағали Мақатаев

Рекомендовать
Көктем келеді
Көктем келеді 11 янв. 2017 16:49
Қайран бауыр
Қайран бауыр 05 янв. 2017 05:54
Последние новости