Ұлыбритания алты қазақстандық компанияға қарсы жаңа санкция салды

Сағыныш Сардарова 08 нояб. 2024 10:25 2434

Ұлыбритания алты қазақстандық компанияға қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл ақпарат Ұлыбританияның мемлекеттік сайтында пайда болған, - деп хабарлайды Dalanews.kz КазТАГ басылымына сілтеп.

"Ұлыбритания Ресей әскери-өнеркәсіптік кешеніне және Ресей қолдайтын жалдамалы топтарға қарсы жаңа санкциялар енгізілгенін жариялады", - деді Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі.

Тізім алты қазақстандық компанияны қоса алғанда, 56 компаниядан тұрады:

  • Sеanex group limited liability partnership

  • Kazstanex limited liability partnership

  • Zapchasttrade LLP

  • Rabadaziya LLP

  • Cps energy LLP

  • TOO Tawkz

Басылым мәліметінше, бұл компаниялардың заңды тұлғалары Қазақстанда орналасқан.

Ақпаратта бұл станоктар, микроэлектроника, ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған компоненттер, мойынтіректер және Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне арналған басқа да тауарларды жеткізушілер екені көрсетілген.

KAZSTANEX-ке қарсы АҚШ Қаржы министрлігі тарапынан да санкциялар салынған.

"Ұлыбритания санкция тізіміндегі Қытай, Түркия және Орталық Азияда орналасқан кәсіпорындар Украинаға басқыншылық жасаған Ресейдің әскери өнеркәсібіне қажет тауарлар (станок, микроэлектроника және дрон компоненттері) жеткізумен және шығарумен айналысады деп мәлімдеді.

Лондон бұл санкция Украинада заңсыз соғыс жүргізіп жатқан Ресейді маңызды ресурстардан айырып, мүмкіндігін шектейді деді. АҚШ жақында Kazstanex компаниясына санкция салған. Вашингтонның мәліметінше, Kazstanex Өзбекстандағы бөлімшесі – Uzstanex фирмасымен бірге Ресейге сатуға, жеткізуге тыйым салынған станоктарды Еуропадан алып, қытайлық Shanghai Winsun компаниясы арқылы Ресейге жөнелтіп отырған.

Uzstanex те Ұлыбритания санкциясына ілікті", - деп жазылған "Азаттық" дерегінде.


Рекомендовать
Последние новости