Қазақстанда өрескел қатеге жол берген 21 судья жауапқа тартылды

Қаракөз Амантай 07 нояб. 2024 12:17 920

Сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова елімізде жауапқа тартылған судьялар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бұл мәселе бойынша біз статистика жүргіземіз. 2024 жылдың 9 айында сот процесінде елеулі қате жіберген 21 судья жауапқа тартылды.

Өткен жылдың осы кезеңінде тек 9 судья жауапқа тартылған болатын. Яғни, бұл көрсеткіш биыл екі жарым есе өсті. 1 қазаннан бастап жаңа тетік күшіне енді, осы бағыттағы оқиғаларды біз қазір терең талдаудамыз", – деді Сисенова.

Айта кетейік, бұған дейін Жезқазған қаласының прокуратурасымен тұрақты негізде мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларының сақталуына мониторинг жүргізгенін хабарлаған едік. 

Жергілікті атқарушы органдармен қолданыстағы заңнамаға қайшы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және қиындататын біліктілік талаптарын белгіленген.

Қала прокуратурасы жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурстың күшін жойды, 15 лауазымды тұлғаға 904 540 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Нәтижесінде прокуратура мемлекеттік сатып алудың барлық қатысушыларына заңнамада көзделген тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңбұзушылықтар бойынша енгізілген ұсынуды тиісінше қарастырмағаны үшін қала әкімінің орынбасары, ТҮКШ бөлімінің басшысы жәнебасқа да лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Рекомендовать
Последние новости