"ҰБТ-ға көмектесемін деген". Павлодарда бұрынғы мұғалім ұсталды

Сағыныш Сардарова 29 окт. 2025 11:52

Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 млн теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полицияға жәбірленуші ер адам жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген адам ҰБТ тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен өзінен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған.

"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.


Рекомендовать
Последние новости