Кубаға дүлей дауыл жақындап келеді

Сағыныш Сардарова 29 окт. 2025 13:15

Кубада "Мелисса" дауылы салдарынан 735 мыңнан аса адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің дерегінше, бұған дейін ең жоғары, яғни бесінші санатқа ие болған дауыл қазір үшінші деңгейге дейін әлсіреген. Желдің екпіні сағатына 205 шақырымға дейін жетіп отыр. "Мелисса" сәрсенбі күні Кубаға соғып, су тасқыны мен көшкін қаупін тудыруы мүмкін.

Кейін дауыл Багам және Бермуд аралдарына қарай бағыт алады деген қауіп бар.

Бұған дейін "Мелисса" Ямайкаға соғып, үш адамның өліміне және жүздеген мың тұрғынның жарықсыз қалуына себеп болды. Сондай-ақ, Гаити мен Доминикан Республикасында да адам шығыны тіркелген.


Рекомендовать
Последние новости