Түрік компаниясы Астанада салынатын бидай өңдеуші зауытқа 160 млрд теңге инвестициялайды

Кәмшат Тілеухан 29 июл. 2025 18:23

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми сапары аясында түрік бизнес өкілдерімен келіссөздердің нәтижелері мен уағдаластықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы жылдан жылға нығайып келеді. Екі ел арасындағы тауарайналым 30 млн долларды құрады. Біз бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, ары қарай жалғастырамыз. Бізде әлі резерв бар", - деді ҚР Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, 2018 жылдан бері екі ел арасында 23 инвестициялық жоба қолға алынған. Бүгіндері соның 18-і іске қосылған, бесеуімен жұмыстар әлі жүріп жатыр.

 
"Ал біреуі бойынша бүгін талқы жүрді. Қазақстан - бидай экспорттаушы ел. Біз Tiryaki Holding өкілерімен кездесіп, келісімге қол қойыстық. Бұл арада бидайды терең өңдеу зауыты туралы сөз болып отыр. Астанадан зауыт ашу жоспары бар. Оған 160 млрд теңге инвестиция салынбақ. Бірінші кезеңде - 110 млрд теңге, екінші кезеңде - 50 млрд теңге. Мұнда бұршақ өнімдерін терең өңдеу де жүргізіледі. Бұл - өте маңызды жоба. Бізде Солтүстік Қазақсан облысында мұндай бір-ақ зауыт бар. Бұл екіншісі болады. Алда Ақмола мен Қостанай облыстарында да осындай зауыт салу жоспарда бар", - дейді министр.

Бұл ретте сайтымызда "Байрақтар VS БТЖ. Шуша компенсациясы немесе шілдедегі Босфор жорығының шын мақсаты неде?" деген мақала жарияланған болатын. 


Рекомендовать
Последние новости