Трамп қашан ресми түрде президент болады?

Сағыныш Сардарова 06 нояб. 2024 17:31 2036

Республикашылар атынан үміткер Дональд Трамп АҚШ президентін сайлауда жеңіске жетті. Алайда ол бірден ресми түрде президент болмайды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес АҚШ президенті ретінде Трамп өз міндеттерін 2025 жылғы 20 қаңтарда бастайды.

Сол күні салтанатты ант беру рәсімін қамтитын АҚШ Президентінің инаугурациясы өтеді. Дәстүр бойынша бұл қоғамдық іс-шара Вашингтонда өтеді, бұл кезде жаңа президент сөз сөйлейді. Инаугурацияға орай салтанатты шеру мен бал ұйымдастырылады.

Еске салайық, бүгін АҚШ-тағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі шықты. Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауының жеңімпазы - Дональд Трамп. 

Fox News мәліметінше, Трамп 277 дауыс алды, бұл оның президент сайлауында жеңіске жеткенін білдіреді.

The Hill басылымы да Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді. Трамп Пенсильвания мен Аляскада да көш бастаған.

Бұл деректерді соңғы нәтиже деп санауға болмайды, өйткені дауыс санау бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының меңгерушісі м.а. Жанат Момынқұлов Dalanews.kz-ке сұхбат беріп, сайлау нәтижелері туралы болжам жасады.

"Трамп әлемдік саясатта ойып тұрып орын алады. Оның үстіне қазіргідей дағдарыс, соғыс жағдайында оның іс-қимылы - бәрі өте маңызды. Бірақ Харрис қалған жағдайда Американың осы саясаты жалғаса береді. Қытайға, Ресейге, Иранға қатысты шектеу, тежеу саясаты жүреді.

Менің ойымша, Харристің жеңісіне қуанамыз. Ал Трамп келетін болса, Ресеймен қарым-қатынасындағы өзгерістер Орталық Азияға, бізге салқын әсер етеді. Бәрі айналып келгенде халықаралық жүйеге әсер етеді. Біз болжап болмайтын оқиғалар басталып кетуі мүмкін. Харрис Орталық Азияға жаңа бір көзқарас танытуы мүмкін, ол - Ақ үйдің маңындағы бюрократтардың өкілі, тұрақтылықтың "гарантиясы". Ал Трамп келсе, Украинадағы жағдай ұзаққа созылатын дауға айналуы мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, Харристің келгені Қазақстанға тиімді. Орталық Азияға тікелей әсері болмаса да, шешімдері арқылы айналып келгенде әсері болады", - деді ол.


Рекомендовать
Последние новости