Тоқаевтың бұйрығымен Ноғаев қызметінен кетті

Қаракөз Амантай 16 мая 2024 17:06 6116

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еске салайық, күні кеше Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми өкілі Жанна Сағидолла облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа қатысты шыққан ақпаратқа пікір білдірген еді.

Бұған дейін Yedilov.online телеграмм арнасы Ноғаев қазіргі қызметінен кетуі мүмкін екенін жазған болатын.

“Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев басқа жұмысқа ауысуына байланысиы қазіргі лауазымынан кетеді”, - деп жазған.

Бұл жазбаның астына әкімдіктің ресми өкілі, баспасөз хатшы Жанна Сағидолла пікір білдірген.

“Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз жұмыс орнынд”», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 1993 жылы И. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын тау-кен инжинері мамандығы бойынша, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша және 2006 жылы РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (Университет) іскерлік әкімшілік магистрін бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Октябрьск қаласының Қандыағаш станциясында электромонтер болып бастаған.

Мәскеу қаласында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, «Гили-Паскер» ЖШС-нің бөлім бастығы (1993-1995); Алматы қаласында «Отырар ЛТД» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары (1995-1996); 1996-2006 жылдары аралығында маркетинг жөніндегі инженер, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің маркетингі, мұнай және мұнай өнімдерін сату бөлімінің бастығы, бас директоры қызметтерін атқарған.

2006 жылғы ақпан-тамыз аралығында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры болды. 2006 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылдың қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің экономика, қаржы және мұнай-газ секторы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болды.

2012 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2016-2019 жылдары аралығында – Атырау облысының әкімі. 2019 жылғы 18 желтоқсан - 2021 жылғы 7 қыркүйекке дейін Энергетика министрі болды.

2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.


Рекомендовать
Последние новости