Алматыда панасыз жануарларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясы өтті

Dalanews 14 мая 2024 17:09 1968

14 мамыр 2024, Алматы5 мамыр, жексенбі күні Алматыда «Көмектесейік» қайырымдылық акциясы өтті. Шараны Purina үй жануарларына арналған азық-түлік бренді алматылық «Дос», «Котопес», «Happy Pet», «Asap», «Амиго» және «New Chance» қайырымдылық қорларымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Іс-шараның серіктестері «Forum» сауда ойын-сауықорталығы, сондай-ақ «Хит» хирургия және қарқындытерапия ветеринарлық ауруханасы, «Прохвост» күтіморталығы және ZooVip үй жануарларына арналғандүкені болды.

Қайырымдылық мерекесінің келушілері қордыңқамқорлығындағы үй жануарларымен жақынырақтанысып және психологтар мен ветеринарлықклиникалардың мамандарынан үй жануарларына күтімжасау ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік берді.Сонымен бірге, қонақтар жануарлармен жақынырақтанысып қана қоймай, олардың біреуін өз отбасынақабылдай алды. Шара барысында 11 ит пен мысық өз иелерін тапты. Төрт аяқты досының иесі болуды шешкен әрбір қонақ, ұйымдастырушылардан үй жануарларының күтіміне арналған қажетті азық-түлік пен керек-жарақтары бар сыйлық жиынтығын алды.

«Панасыз жануарларға үй табуға көмектесу компания қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерге негізделген Purina брендінің маңызды қызметінің бірі болып табылады. Біз жинақталған тәжірибемізді пайдалануға тырысамыз және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық пен серіктестік арқылы мүмкіндігінше көп үй жануарларына баспана және сүйіспеншілікке толы отбасылар табуға көмектесеміз.

Алматыда осымен бесінші рет өтіп жатқан «Көмектесейік» жәрмеңкесінің игі дәстүрге айналып келе жатқанына өте қуаныштымыз. Биылғы жылы іс-шараға 500-ден астам адам қатысты, бұл осындай бастамалардың біздің еліміздегі жануарларға бей-жай қарамайтын, қамқор және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға қалай көмектесетінінің тамаша мысалы», - деп атап өтті Еуразия аймағындағы Purina сауда маркасының аға менеджері Абзал Мұхтарұлы.


Бағдарламаның ойын-сауық бөлігінен басқа, оның барысында қонақтар шопперлерді бояу және түрлі-түсті жіптерден суреттер жасау бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, танымал әртістердің қойылымдарын тыңдап, фотоаймақтарда естелік суреттерге түсе алды, сондай-ақ, іс-шарада серіктестердің танымдық дәрістері де болып өтті.                   

«Үй жануарларының денсаулығына қамқорлық жасау – бұл үй жануарларын алуды шешкен әрбір адам қабылдайтын маңызды міндеттеме. Біз қайырымдылық акциясына қатысып, тәжірибемізбен бөлісіп, келушілерді төрт аяқты достарына күтім жасаудың негіздерімен таныстырғанымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті фестивальдің серіктесі болған «Хит» ветеринарлық клиникасы.                    

Іс-шара барысында қатысушылар қайырымдылық қорларының өкілдерінен үй жануарларын отбасына бейімдеу процесін қалай жеңілдетуге және жайлы етуге болатыны туралы, жануарларға күтім жасаудағы лайфхактар туралы пайдалы ақпарат алды және «К-9» кинологиялық орталығының иттердің қатысуымен ұйымдастырылған қойылымды тамашалады.      
         

«Біздің бастамамызды тұрғындар үшін нағыз пайдалы іс-шараға айналдырған барлық серіктестерге және шараға қатысқан әрбір қонаққа алғысымыз шексіз. Биылғы жылы «Forum» сауда ойын-сауық орталығы алаңында біз жануарларға күтім жасау бойынша тәжірибе алмасу үшін кеңістік құрып қана қоймай, олардың тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар қауымдастығын нығайту бойынша тағы бір қадам жасадық. Біз үй жануарлары мен олардың иелерінің ортақ құндылықтары бар екенін түсінеміз және олар үшін жайлы болашақ құруға ұмтыламыз», - деп қорытындылады Абзал Мұхтарұлы.  


Рекомендовать
Последние новости